• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 10 Қазан, 2022

Автосақтандыру және тұтынушы талабы

433 рет
көрсетілді

Автосақтандыру – өзекті мәселе. Оны пайдалана білу үшін де қаржылық һәм құқықтық тұрғыдан сауатты болу керек. Осы ретте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі автосақтандыруды тұтыну тақырыбына орай кейбір тетіктерді тереңірек түсіндіреді.

Сақтандыру нарығы және ак­туар­­лық есеп айырысу департа­мен­тінің директоры Әсел Әмір­бае­ваның сөзіне қарағанда, қол­да­ныстағы заңнама автокөлік ие­ле­ріне жол-көлік оқиғасы салда­ры­нан үшінші тұлғалардың өмі­рі­не, денсаулығына және мүл­кі­не келтірілген залал үшін өз жа­уап­­кершілігін міндетті түрде сақ­тан­дыруды жүктейді.

Жол-көлік оқиғасы болған жағ­дай­да сақтандыру компаниясы зардап шеккендерге келтірілген залалды мынадай мөлшерде өтей­тіні көзделген: бір зардап шегу­шінің мүлкіне келтірілген зиян – 600 АЕК-тен аспайды; мүге­дектік белгіленбей мертігу, жара­қат алу немесе денсаулықтың өзге де за­қымдануы – 300 АЕК-тен ас­пай­ды; әрбір зардап шегу­ші­нің қаза болуы – 2 000 АЕК мөл­ше­ріндегі біржолғы төлем. Бұл ретте автокөлік иелерінің жауап­кер­шілігін міндетті сақтандыру туралы заңға сәйкес зардап шегуші қайтыс болған жағдайда біржолғы төлем қаза тапқан адамның асы­ра­уын­дағы жақын туыстарына не оны алуға құқығы бар өзге де адамдарға төленеді.

«Алайда өкінішке қарай, жол-көлік оқиғасы салдарынан адам қайтыс болған жағдайда, оның асырауындағы адамдар (әдетте, бұл балалар) сақтандыру төлемін алуға құқылы екенін азаматтардың барлығы біле бермейді. Қайтыс болғандардың туыстары мұндай өтінішпен сақтандыру компаниясына сирек жүгінеді. Осыны пайдалана отырып, белгілі бір тұлғалар сыйақыға сақтандыру ком­паниясынан азаматтарға сақ­тандыру төлемін алу бойынша дел­далдық қызметтер ұсынады. Бұл ретте сыйақы мөлшері сақтан­ды­ру төлемінің 50 пайызына жетуі мүмкін», деп атап өтті Әсел Әмірбаева.

Осылайша, жол-көлік оқиға­сы­нан қайтыс болған адам­ның туыстары өтемақы ретінде алатын ақша сақтандыру компания­сына тікелей жүгінгенде алатын ақ­ша­дан әлдеқайда аз болып шыға­ды.

Негізінде сақтандыру төлемін алу процесінің өзі ашық, ал қажетті құ­жаттардың тізбесі автокөлік ие­ле­рінің жауапкершілігін міндетті сақ­тандыру туралы заңда егжей-тег­жейлі сипатталған. Қайтыс бол­ған адамның асырауындағы адам­дар не олардың өкілдері көр­сетілген соманы алу үшін сақ­тан­дыру компаниясына өтініш­пен жү­гінулері қажет.

«Агенттік сақтандыру ком­па­ния­ларымен бірлесіп азамат­тар­ды сақтандыру төлемін алу мәселесі бойынша олардың құқық­­тары туралы хабардар ету жұмы­сын тұ­рақ­ты негізде жүргізіп оты­ра­ды», деп атап өтті қаржы рет­теу­шісінің өкілі.

Сондай-ақ агенттік көлік иелері­­­­нің жауапкершілігін міндет­ті сақ­тан­дыру туралы заңға өзгеріс­тер енгізді, енді сақтандыру компаниясы адам шығыны болған жол-көлік оқиғасы жағдайында қайтыс болған адамның сақтандыру тө­ле­мін жүзеге асыру мақсатында, оның пайда алушыларын айқындау шараларын қабылдауға міндетті. Ол үшін сақтандыру компанияларына тиісті мемлекеттік органдардан деректермен алмасу тетігі ар­қылы қажетті мәліметтерді алу­ға мүмкіндік беру жоспарлануда.

Осылайша, қайтыс болған адам­­ның асырауындағы адамдар­ды іздеу және анықтау рәсімі сақ­­­тандыру компаниясының мін­деті болады. Яғни сақтандыру ұйымдары сақтандыру төлемдерін қай­тыс болған адамның туыстарына тікелей төлейді. Агенттік өкі­лінің айтуынша, осы үрдіс то­лық жолға қойылған кезде ғана арадағы делдалдар ісі өзектілігін жо­ғалтып, азаматтардың да көзі ашыла бастайды.