• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Қазан, 2022

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы санкциялар пакетін кеңейтті

205 рет
көрсетілді

Жаңа Зеландияның Сыртқы істер министрлігі 51 ресейлік пен 24 шенеунікке қарсы санкция енгізілгенін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігінің өкілі Наная Махут 1news эфирінде мәлімдеді.

Жаңа Зеландия Ресей Федерациясының құрамына кірген аумақтармен байланысты тағы 51 ресейлік пен 24 шенеунікке қарсы санкциялар енгізуде. Санкцияларға ұшырағандардың арасында ресейлік миллиардер Александр Абрамов пен оның отбасы мүшелері, сондай-ақ Evraz компаниясы да бар.

Абрамовқа Жаңа Зеландияға кіруге тыйым салынғаны атап өтілді.