• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қаржы 11 Қазан, 2022

Бюджетке 11 трлн теңгеден астам қаражат түсті

197 рет
көрсетілді

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев тоғыз айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 11 трлн 177 млрд теңге кіріс түскенін, жоспар 104,8%-ға орындалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Республикалық бюджетке 7,5 трлн теңге түсті немесе жоспар 101,9% орындалды. Табыс жоспары 143 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар - 55 млрд теңгеге, салықтық емес - 89 млрд теңгеге асыра орындалды», деді Ерұлан Жамаубаев.

Қаржы министрлігі басшысының мәліметінше, салықтар бойынша асыра орындаудың негізгі сомасы ҚҚС бойынша келеді.

ҚҚС бойынша жоспарды асыра орындау факторлары:

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда осы жылдың 9 айында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарды 24%-ға ұлғайту; ҚҚС түсімдерін 44%-ға ұлғайту; Үшінші елдерден импорт көлемін 26%-ға ұлғайту.