Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қор активтерінің жалпы көлемі қыркүйек айында 2,1 млрд долларға төмендеп, 84,4 млрд долларды құрады. Ақпан-наурыз айларында интервенциялар жүргізу, мемлекеттік борышты төлеу, сондай-ақ алтын бағасының төмендеуі аясында жыл басынан бері алтын-валюта активтерінің 1,6 млрд долларға төмендеуіне қарамастан алтын-валюта активтерінің деңгейі жеткілікті және импорттың шамамен 7,3 айын жабуға мүмкіндік береді», деді Ұлттық банк төрағасы.
Оның айтуынша, республикалық бюджетке 3,7 трлн теңге сомасына трансферттер бөлу үшін жыл басынан бастап 3,4 млрд долларға валюталық активтер сатылған.
«Дамыған елдердің орталық банктерінің ақша-кредит саясатын күшейту жөніндегі риторикасы аясында облигациялар мен акция нарықтары жыл басынан бері құлдырағанын көрсетті, бұл қыркүйек айында Ұлттық қор активтерінің төмендеуіне әсер етті. Дамыған елдердің облигациялар портфелі 722 млн долларға және акциялар портфелі – 1 255 млн долларға төмендеді», деді Ғалымжан Пірматов.
Жансая ӘНУАР