72 жастағы ақсақал Сәрсенбай Қотырашов алты ай ішінде Қазақстанды аралап шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақсақал Жезқазғаннан шығып, елдің шығысымен өтіп, Каспийге жеткен. Ол барлығы 8000 шақырымды жүріп өтіпті. Күш-қайраты қайтпаған саяхатшы қарияға Қазақмыс компаниясы жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталған пәтер сыйға тартты.
«Бұл шынымен керемет нәтиже! Біздің облыстың барлық тұрғындары БАҚ арқылы сіздің сапарыңызды бақылап, сізге сәттілік тілеп, денсаулығыңызға алаңдап, ортамызға оралғаныңызды тіледі. Сіздің бұл ісіңіз жас ұрпақ үшін үлкен үлгі. Бүгін Қазақмыс компаниялар тобының басшылығы атынан сізді шын жүректен құттықтағым келеді. Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір және сарқылмас қуат тілейміз. Сіздің осы ерлігіңіз үшін сізге Жезқазған қаласындағы екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстаймыз», деп құттықтады «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нұриев.