Теннис 11 Қазан, 2022

Тимофей Скатов ресми түрде Қазақстанның екінші ракеткасы атанды

154 рет
көрсетілді

Пармадағы (Италия) «Челленджер» сериясы турнирінде жеңіске жеткеннен кейін 21 жастағы Тимофей Скатов АТР-ның жаңартылған әлемдік рейтингінде 152-ші орынға көтеріліп, ресми түрде Қазақстанның екінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші үшін бұл «Челленджер» санатындағы екінші финалы. 2021 жылдың маусым айында Тимофей Алматыда өткен ATP Challenger Tour турнирінің шешуші ойынында жеңіске жете алмай қалған.