• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Тағайындау 12 Қазан, 2022

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басшысы тағайындалды

502 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Насымжан Жамбекқызы Оспанова ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Насымжан Оспанова 1969 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі техникалық институтының Алматы филиалын, Алматы менеджмент университетін тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы №18 Алматы кәсіптік-техникалық училищесінде өндірістік оқыту шебері болып бастаған. 1992 жылдан 2006 жылға дейін сол оқу орнында оқытушы, директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары және директор болып жұмыс істеді. 2006-2008 жылдары Алматы технология және менеджмент колледжінің директоры, 2008-2016 жылдары Алматы Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің директоры, 2017 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының м.а. болды.

2017 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры болып жұмыс істеді.