• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Экология 12 Қазан, 2022

Каспий жағасындағы су неге қызарды?

370 рет
көрсетілді

Желіде Ақтау маңындағы Каспийге лас қоңыр судың төгіліп жатқаны бейнеленген видео тарады. Осыған байланысты Экология департаментінің мамандары Каспийдегі бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысының Экология департаменті орын алған жағдайға түсініктеме берді.

Департамент басшысы Руслан Төкенов «Каспий су тұщыландыру зауыты» ЖШС және «Орбита» спорт кешені бұл арнаға су ағызу жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.

Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің мамандары оқиға орнына жедел барып, канал бойындағы ластану аймағын тексерді. Тексеру барысында №1 ЖЭО шығару құбырының Каспий теңізіне ағызу көзінен, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС каналына ағызу көзінен және «Каспий тұщыландыру зауыты» ЖШС ағызу құбырының көзінен су сынамалары алынды.

«Зерттеу нәтижелері бойынша «Каспий тұщыландыру зауыты» ЖШС төгу құбырының көзінен және №1 ЖЭО шығару құбырының көзінен темір мен фосфат, мыс құрамының асып кетуі анықталды. Анықталған фактілер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті шаралар қабылданып, атқарылған жұмыстың нәтижелері туралы қосымша хабарланады», деп түсіндірді Руслан Төкенов.

Соңғы жаңалықтар