Кентау полициясына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінен тұрғындардың жаппай уланып, ауруханаға түскені жайлы дерек келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған жайт бірден ҚР ҚК-нің 304-бабы 1-бөлігімен «Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.
Тәртіп сақшылары дәмхана қызметкерлерінен, оқиға куәгерлерінен жауап алып, сұрастыру жұмыстарын жан-жақты жүргізуде. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының зертхана қызметкерлерімен сараптама жүргізу үшін жұмыстар атқарылуда. Дәмхананың барлық тағам түрлері зерттеуге жіберілді.
Аталған тамақтану орнындағы қызметкерлердің бірқатарында медициналық кітапша болмай шықты. Қазіргі уақытта белгілі болғаны – Кентау мен Түркістан қаласының ауруханаларында 98 тұрғын, ал үй жағдайында 70 адам ем қабылдауда.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.