• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Мамыр, 2014

4-самитте Шанхай декларациясы қабылданды

359 рет
көрсетілді

АСТАНА. 22 мамыр. Шанхайда өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 4-саммитінің қорытынды құжаты – Шанхай декларациясы бекітілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған декларацияның қабылданғаны самитті қорытындылау бағытында өткізілген баспасөз мәслихатында белгілі болды. Оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин мен Түркия Сыртқы істер министрі Ахмет Дәуітоглының қатысты. Баспасөз мәслихатында Нұрсұлтан Назарбаев: «4-саммиттің басты оқиғасы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің Шанхай декларациясы қабылданғаны болды. Бұл құжат форумды одан әрі дамытуға және қатысушы елдердің тиімді өзара іс-қимылына бағытталып отыр», – деді. Жиында Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай саммитін қазақстан-қытай қатынастарының шежіресіндегі елеулі оқиға деп мәлімдеді. Енді, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне Қытай төрағалық ететін болды. Осыған байланысты Президент: «Қазақстан Қытай елінің бұл кеңеске төрағалық етуінен үлкен үміт күтеді. Төраға Си Цзиньпиннің азиялық қауіпсіздік туралы жаңа тұжырымдамасы, Жібек жолы экономикалық белдеуі – өте маңызды бастамалар. Ол әр елдің игілігі үшін жұмыс істейтін болады. Қытайдың біздің жетістіктерімізді одан әрі жетілдіруге толық әлеуеті жететіні сөзсіз», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: egemen.kz. Фото: «24kz».