• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Президент 13 Қазан, 2022

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрімен кездесті

233 рет
көрсетілді

Кездесу барысында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалары жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК саммитіне қатысу үшін Астанаға арнайы келіп, ұйымды одан әрі институционалды тұрғыда дамытуға бағытталған еліміздің бастамаларын қолдаған Пәкістанның Үкімет басшысы Шахбаз Шарифке ризашылығын білдірді.

Президент Пәкістанды Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі екенін атап өтіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың даму қарқынына көңілі толатынын жеткізді.

Кездесуде көлік, транзиттік логистика және энергетика салаларында ынтымақтастық орнатудың перспективалары зерделенді. Екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын жақын арада қалпына келтіруге, сондай-ақ сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандыру маңызды екеніне назар аударылды.

Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістан Президенті Ариф Алвидің сәлемін жеткізіп, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар