Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге қарағанда, жыл басынан бері халық саны 163,7 мың адамға немесе 0,8%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
2022 жылдың 1 қыркүйегі қазақстандықтардың саны 19 млн 666 мың 800 адамды құрады. Бұл ретте қалаларда 12 млн 131 мың 100 адам (61,7%), ауылдық жерлерде 7 млн 535 мың 700 адам (38,3%) тұрады.
Республика халқының табиғи өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 ай ішінде 3,6% ға төмендеп, 172,4 мың адамды құрады.
АХАТ органдарының деректері бойынша қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 263,8 мың сәби дүниеге келді, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11%-ға аз.
Көрсетілген уақыт аралығында 91,4 мың адам қайтыс болды, бұл өткен жылдың қаңтар-тамызына қарағанда 22,3%-ға аз.
Сәбилер өліміне келетін болсақ, бұл көрсеткіш те 5,8%-ға төмендеді.