• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Экология 14 Қазан, 2022

ШҚО-да өрттен келген шығын 1 млрд теңгеден асты

270 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстанда әлі де алпауыт өртпен күрес жүріп жатыр. Бүгінге дейін өрт 140 гектарды шарпыған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстан орман шаруашылығы инспекциясының хабарлауынша, бүгінге дейінгі өрт шығыны – 1 миллиард 63 миллион 500 мың теңгені құрап отыр.

Тәуелсіз экологтар қасақана өртеу фактілері болуы мүмкін дейді. Бұл туралы «Экологиялық патруль» жобасының жетекшісі Елена Полянцева Астана тв-ға берген сұхбатында айтты.

«Каменный Карьердегі өртке қарасақ, ол қасақана болуы мүмкін. Түнгі сағат үште басталған өртке, күн түсті деп айта алмаймыз, мұнда адами фактор басым», деді Елена Полянцева.