Делегация басшылары 2023 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық ету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық ету туралы мәселе қаралды. Делегация басшылары 2023 жылы Достастыққа төрағалық ету туралы шешім қабылдады, оны Қырғыз Республикасы жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы тең төрағалық етеді», деді ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев.
Оның айтуынша, шағын құрамдағы жиында делегация басшылары отырыстардың күн тәртібі мен регламентін бекітті. Отырыс барысында президенттер Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.
Еске сала кетсек, бүгін Астанада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен ТМД мемлекеттері Басшылары Кеңесінің шағын құрамдағы отырысы өтті.