• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 14 Қазан, 2022

Елордада «Белсенді қала тұрғындары мектебі» курсы басталды

233 рет
көрсетілді

Елордалық оқушылар қаланың қоғамдық кеңістіктері мен аулаларын абаттандыру бойынша жобаларды ұсына алады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Астанада «Белсенді қала тұрғындары мектебі» курсына қатысушыларды қабылдау жүріп жатыр.

«Курстарға 9-10 сынып оқушылары қатыса алады. Сабақтар екі бөлімнен тұрады. Жобаларды егжей-тегжейлі әзірлеуге кіріспес бұрын, оқушыларға абаттандыру, қаржыландыру процесі қалай құрылғаны және өз жоспарын құру үшін не қажет екендігі туралы айтылады. Теориялық бөлімнен кейін қатысушылар өздерінің тұжырымдамаларының схемаларын жасай бастайды, олар комиссияның қарауына жіберіледі. Балалар жұмысының соңғы кезеңдері-онлайн дауыс берудегі жеңіс және Сарыарқа ауданының аумағында жобаны іске асыру болады», делінген хабарламада.

Айта кетсек, «Белсенді қала тұрғындары мектебі» курсын іске асыру «Халық қатысатын бюджет» республикалық жобасына негізделеді. Сондықтан балалардың жобалары ауданның басқа тұрғындарының жобаларымен қатар дауыс беруге қойылады.

«БТМ курстары енгізіліп, еліміздің басқа қалаларында өз нәтижелерін көрсете алды. Алайда, бұл жолғы қатысушылар алғаш рет балалар болып отыр. Мұндай жоба балаларға мектеп кезінен бастап өз қалалары үшін жауапкершіліктің болуын дамытуға және оларды Астананы жақсартуға бастамашылық жасауға үйретуге көмектеседі», делінген Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Курстар тегін өткізіледі. Жоба қатысушыларын іріктеу 26 қазанға дейін жалғасады. Жазылу үшін 8 701 225 74 64 нөмірі бойынша хабарласу қажет.