• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Президент 14 Қазан, 2022

Арандатушылық әрекеттерге қарсы тұруымыз керек - Президент

444 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан «Орталық Азия - Ресей» саммитінде халық арасындағы араңдатушылық әрекеттерге қарсы тиімді әрекет ету қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ең бастысы біздің достығымыз, тату көршілігіміз және стратегиялық әріптестігіміз берік болуы тиіс. Біз халық арасындағы араңдатушылық әрекеттерге тиімді қарсы тұруымыз керек. Біздің тарихи және мәдени құндылықтарымыздың мызғымастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірлескен шаралар кешенін уақытылы қабылдау қажет», деп атап өтті Президент саммит барысында.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, тағы бір өзекті міндет - жастар арасындағы байланысты нығайту, білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту.