• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 15 Қазан, 2022

Қазақстан мен Андорра екіжақты қарым-қатынастарын ұлғайтады

304 рет
көрсетілді

Қазақстанның Испаниядағы және Андоррадағы қоса ақтарушы Елшісі Константин Жигалов пен Андорра Княздігінің Сыртқы істер министрі Мария Убах бейнеконференция өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Онда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйекте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясы аясында Андорра Үкіметінің басшысы Шавьер Эспотпен кездесуінің қорытындыларын, сондай-ақ 2022 жылғы тамыз айында орын алған Андорра Сыртқы істер министрлігі басшысының Қазақстанға бірінші ресми сапарын талқылады.

Тараптар биылғы жыл екіжақты қарым-қатынастар үшін серпіліс берген жыл екенін атап өтті. Атап айтқанда, екі ел тарихында алғашқы екіжақтық үкіметаралық келісімге қол қойылды.

«Қазақстан мен Андорра халықаралық құрылымдарда бір-біріне өзара қолдау көрсетуді жалғастыруда және дамуға көмек көрсету саласында бірлескен күш-жігердің мүмкіндіктерін пысықтауға ниетті», деп жазылған СІМ таратқан ақпаратта.