• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Спорт 15 Қазан, 2022

Артем Антропов Азия чемпионатында жүлде алды

217 рет
көрсетілді

Қазақстандық зілтемірші Артем Антропов Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz порталына сілтеме жасап.

Артем Антропов Бахрейндегі ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 96 келі салмақта қола медаль алды. Ол жалпы 377 (158+219) келіні көтерді. Бұл салмақта «алтынды» 2021 жылғы әлем чемпионы бахрейндік Лесман Паредес жеңіп, ал екінші орын тайпейлік Чэнь По-Дженге 383 (177+206) бұйырды.

Соңғы жаңалықтар