• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 16 Қазан, 2022

Астанада Павлодар облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр

416 рет
көрсетілді

Елордада ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өңірлік жәрмеңкесі жалғасуда. Бұл жолы Павлодар облысының өндірушілері өз тауарларын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәрмеңкеде Павлодар облысының өндірушілері елордаға нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сатылатын 520 тонна өнім әкелді.

«Мен елордада ұйымдастырылатын ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне үнемі қатысамын. Павлодар облысының картоптары ерекше дәмді. Мен сондай-ақ сүт, қаймақ, сүзбе сатып алдым. Мұндағы өнімдер арзанырақ. Біз сияқты зейнеткерлер үшін мұндай жәрмеңкелер өте тиімді», дейді елорда тұрғыны Үміт Сарыбаева.

Өткен жылдардағы тәжірибе бойынша павлодарлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің барлық өнімдерінің ішінде астаналықтар арасында ет өнімдері, бал, картоп және көкөністер ерекше танымал.

Естеріңізге сала кетейік, жәрмеңкелер әр демалыс күндері 30 қазанға дейін өтеді. Келесі болып өз өнімдерін Қарағанды және Ұлытау облыстарының кәсіпкерлері ұсынады.