• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Мамыр, 2014

Шекарашылардың жаңарған паркі

298 рет
көрсетілді

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің астаналық аралас авиациялық эскадрильясында Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаевтың қатысуымен жаңа авиациялық әскери техника – әскери-көлік «Ми-171Ш» тікұшақтары мен Ан-74Т-200А әскери-көлік ұшағы салтанатты жағдайда тапсырылды. Төраға жаңа авиациялық техника экипаждары үшін бірінші ұшу тапсырмасына қол қойып, жеке құрамды авиациялық парктың толығуымен құттықтады. Шекара қызметін қазіргі заманғы техника және қару-жарақтармен қайта жаңғырту бойынша шараларды жоспарлы түрде жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Жаңа «Ми-171Ш» әскери-көлігінің еліміздің Мемлекеттік шекарасын күзетуге қатысып жатқанын да атап өту керек. Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі мен «Рособоронэкспорт» ААҚ арасында жасалған шарт аясында 2014 жылғы бірінші тоқсанда Улан-Удэ авиация зауытынан Шекара қызметінің қарулануына екі Ми-171Ш әскери-көлік тікұшақтары алынды, ал былтыр Шекара қызметі осыған ұқсас 4 тікұшақ сатып алған еді. Өзін көрсете білген Ми-8 тік­ұша­ғының өте жаңартылған нәтижесі болып табылады. Ең ауыр ұшу салмағы – 13 тонна, сонымен қатар, жүктің ең ауыр салмағы – 4 тонна, крейсерлік ұшу жылдамдығы – сағатына 230 км, ең жоғарғы ұшу биіктігі – 6000 м, ең жоғары ұшу ұзақтығы – 1065 км, десанттар саны – 30 адам. Ұшуларды күндіз түні, күр­делі метеорологиялық жағ­дай­ларда жасауға мүмкіндік беретін қосым­ша жабдықтар орнатылған. Түнгі көру аспаптары бар