«Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңсесінде Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттарды ұсыну мәселелері бойынша «Адал сайлау үшін» штаб мүшелерінің брифингі өтті.
Штаб мүшелері, заңгерлер Еркін Оңғарбаев, Ермек Әбдірасұлов, Индира Әубәкірова, Марат Бәшімов, Әбдікәрім Ақжанов қоғамдық алаңда қолжетімді дереккөздерді пайдалана отырып, сайлау үдерісінің барысы туралы ағымдағы жағдайға түсініктеме берді.
Е.Оңғарбаев штабтың жұмысы туралы қысқаша баяндап, штаб мүшелерінің конституциялық реформа ережелерін құқықтық сүйемелдеу, сайлау заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіру, өңірлердегі сайлау үдерісіне қатысушыларға құқықтық көмек көрсету жөніндегі белсенділігін атап өтті.
Өз кезегінде профессор Е.Әбдірасұлов Орталық сайлау комиссиясы қабылдаған шешімдердің ашықтығын атап өтті. «Орталық сайлау комиссиясының ресми сайты – негізгі дереккөзі, ол жерден кез келген азамат Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттарға қатысты қабылданған шешімдермен таныса алады», деді ол. Сондай-ақ спикер кандидаттардың заң талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі Орталық сайлау комиссиясы шешімдеріне, жекелеген кандидаттарды тіркеуден бас тарту себептеріне егжей-тегжей тоқталды.
И.Әубәкірова Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссияларының президенттікке кандидатты қолдауға қол қоюдың дұрыстығын тексеру мерзімін он күннен бес күнге дейін қысқартқанын атап өтті.
Профессор М.Бәшімов бүкіл сайлау үдерісі бұқаралық ақпарат құралдары, өңірлердегі еңбек ұжымдарымен кездесулер арқылы сайлаушылардың назарына офлайн және онлайн форматта жеткізілетінін айтты. Сонымен қатар сайлау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.