• RUB:
    5.01
  • USD:
    523.58
  • EUR:
    549.71
Басты сайтқа өту
Білім 17 Қазан, 2022

Ұстаздарға әдістемелік қолдау

358 рет
көрсетілді

Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Мектеп: жеке тұлғаны тәрбиелеу» облыстық семинар-практикумы өткізіліп, екі күнге жалғасқан іс-шарада Абай облысы білім басқармасының, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің мамандары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, кітапханашылар қатысып, білім берудің заманауи үрдісіне қанықты.

Аталған жиынды ұйымдас­ты­рудағы көзделген мақсат – Назарбаев зияткерлік мектеп­те­рінің тәрбие жүйесіндегі тәжіри­бемен бөлісу, дейді ұйымдас­ты­ру­шылар.

«Назарбаев зияткерлік мектеп­те­рі жеке тұлғаны тәрбие­леу ба­ғы­тында түрлі бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асырып келе жатыр. Солардың ішінде «100 ән», «100 күй», «100 кітап», «Берік отбасы», «Туған елге тағзым», «Даналық бейсенбі» сынды жобалар мен «Шаңырақ» қауым­дас­тығының атқарып отырған жұ­мыс­тары әр оқушыны ел мен жерді сүюге, ұлттық өнер мен құн­ды­лықтарды бағалауға, үлкенге құрметпен қарауға тәрбиелейді.

Осы семинар-практикумда жылдар бойы жиналған тәжірибе­міз­бен жаңадан құрылған Абай облы­сының ұстаздарымен бөліс­тік. Екіжақты тығыз қарым-қатынас арқылы еліміздің келе­ше­гі жастарға сапалы білім ғана беріп қоймай, саналы тәрбие берсек ұтарымыз көп. Шараға қатысқан әр ұстаз өзіне қажетті, пайдалы ақпаратты меңгеріп, тәжіри­беде пайдаланатынына сенім­ді­мі­н», деді Назарбаев зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ.

Семинар-практикумның барысында Павлодар, Өскемен қала­ла­рындағы зияткерлік мектеп ұс­таз­дарының түрлі тақырыпта әр пәнге кіріктірілген сабақтары өтті.

«Тәрбие саласындағы түрлі жобаларымыз қалалық мектеп­те­р­ге бұған дейін де таныстыры­лып, екіжақты бірлескен жұ­мыс­тар іске асырылып жүрді. Олармен жыл бойы бірнеше мәрте кездесіп, әлі тәжірибе алма­самыз. Енді тәжірибемен бөлі­су аумағын кеңейтіп, ауыл мектептеріне де білгенімізбен бөлісуді қолға алдық. Семинар-практикумге қатысуға 200-ден астам ұстаз ниет білдірді. Біз мұнымен ғана тоқтап қалмаймыз. Осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жүйелі жүргізіледі», деді Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі дирек­торының орынбасары Лариса Абылқасымова.

Семинар-практикумге Үржар ауданының Мақаншы ауылынан келген жас ұстаз Дархан Ма­мыт­ха­нов бұл басқосудың тә­жіри­­белік пайдасын айтты.

«Әр күні жаңалыққа толы қазіргі қоғамда бала тәрбиесі ерекше назар аударуды қажет етеді. Осы ретте мектептің де рөлі ерекше. Қазір оқушыны ертеден келе жатқан дәстүрлі оқу процесімен тәрбиелеу мүмкін емес. Жаңаша көзқарас, жаңа бағыт керек. Міне, осы бағытты бүгінгі семинар-тренингтен көріп отырмын. Оқушыны азаматтық көзқарасы қалыптасқан, ұлтжанды, пат­риот болып өсуіне ықпал ететін түрлі жобаларды үйреніп, өз мектебімізде қолданысқа енгізуді жоспарлап отырмын», деді Әсет Найманбай атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Жоғары деңгейде ұйымдас­ты­рыл­ған семинар-практикум ауыл мектебі ұстаздарының тә­жірибе алмасып, тәрбие сала­сын­дағы білімдерін молайтуға септігі тиетін тиімді алаңға айналды.

 

Абай облысы