Қазақстанда бір жыл ішінде балық 15%-ға күрт қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Energyprom сарапшылары келтірген дерекке сәйкес:
жаңа немесе салқындатылған балық - 15%-ға; мұздатылған балық - 15,1%-ға; мұздатылған асшаяндар - 26,4%-ға қымбаттаған.Әсіресе Павлодар, Қостанай және Маңғыстау облыстарының тұрғындары бағаның қымбаттағанын қатты сезінді.
Осылайша:
тұздалған майшабақ бір жылда 34,2%-ға; балықтың дәмді консервілері - 29,6%-ға; майдағы шпроттар - 24,9%-ға; суық ысталған скумбрия - 23,8%-ға; тұзды балық - 22,2%-ға; қызыл уылдырық - 21,2%-ға.Қорытындылай келе, 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 30,9 мың тонна жаңа, салқындатылған және мұздатылған балық өндірілді.