Білім министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі бұйрығымен сырттай және кешкі білім беру, сондай-ақ экстернат нысанында алынатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарына бірқатар өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атап айтқанда, физика-математика ғылымдары, ақпараттық қауіпсіздік жүйелер, химия техникасы, электротехника, механика және металл өңдеу, өңдеуші және өңдеу өнеркәсібі сынды бірқатар мамандық тізімнен алынды.
Енді сырттай оқуға рұқсат етілетін мамандықтар:
кітапханашы; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың технологиясы; технолог, электрик, жылу энергетикасы, электромеханик, металлург және т.б.; агроном, бригадир; тасымалдауды ұйымдастырушы; фельдшер, ветеринарлық фельдшер; спорт жаттықтырушысы; цирк, хор, академиялық, дәстүрлі және эстрада әншілері мен осы саладағы ұстаздар.Бұйрық 25 қазаннан бастап күшіне енеді.