• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Мамыр, 2014

Жұмыс жоспарына сәйкес өткен шара

210 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері Комиссия төрағасы Қуаныш Сұлтановтың басшылығымен елордадағы №4 емханада болып қайтты. Астана тұрғындары амбулаторлық түрде ем қабылдайтын емханаға барудың негізгі мақсаты жалпы емдеу мекемесінің жағдайымен, азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Халықтың денсаулығы және ден­сау­лық сақтау жүйесі туралы» Кодексінде, Қазақстан ратификациялаған Эко­но­микалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіде кепілдік берілген құқықтарының сақ­талуымен танысу болатын. Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшелері дәрігер­лермен және пациенттермен әңгіме­лесу барысында азаматтардың ден­сау­лығын қорғауға және білікті әрі қолжетімді медициналық көмек алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету, дәрігерлер мен басқа да медициналық қызметкерлердің әлеуметтік-құқықтық қорғалуы, олардың Еуропалық Одақ елдерінде және әлемнің басқа да дамыған елдерінде біліктіліктерін көтеру мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Сапар барысында Комиссия мүшелері Астана қалалық Денсаулық сақтау бас­қар­масына аталған емхананың оң жұмыс тәжірибесін елорданың және еліміздің басқа да емдеу мекемелеріне таратуды ұсынды. Емдеу мекемесінде болған сапарда жиналған материалдар Комиссияның Елбасының қарауына ұсынатын «Қа­зақ­стан Республикасындағы адам құ­қық­тарының ахуалы туралы» баяндамасының «Азаматтардың денсаулығын қорғауға және білікті медициналық көмек алуға конституциялық құқықтары» бөліміне енгізілетін болады. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құ­қық­тары жөніндегі комиссияның 2014 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілді. «Егемен-ақпарат».