• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Қазан, 2022

Атырауда бір отбасының алты адамы газдан уланды

185 рет
көрсетілді

Атырауда бір отбасының алты адамы, оның ішінде төрт бала газдан уланып, 90 жастағы әже қайтыс болды. Бұл туралы ТЖД қалалық департаменті басшысының орынбасары Магомед Ахриев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші қызметіне жедел жәрдем станциясынан қоңырау түсті. Дәрігерлер Атырау қаласының ауруханаларына табиғи газдан уланған алты адамның түскенін хабарлады. Үш бала мен бір жасөспірім балалар ауруханасына, екі ересек облыстық емханаға жеткізілді. 90 жастағы әже газдан уланып қайтыс болды, оны құтқару мүмкін болмады. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккендер өздерін жақсы сезінді», деді Магомед Ахриев.

Улануға себеп, газдың жану өнімдері сыртқа ағызылатын газ қазандығының құбыры тот пен қоқысқа толып қалған. Нәтижесінде газ бөлмелерге тарай бастаған.

«Тоғыз айдың ішінде облыста табиғи газдан уланудың тоғыз жағдайы тіркелді. Өткен жылы дәл осы мерзімде жеті оқиға тіркелген еді», деді Магомед Ахриев.