Швеция парламенті оңшыл-орталық коалициялық партиясының басшысы Ульф Кристерссонды премьер-министр етіп сайлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше Стокгольмде 58 жастағы Кристерссонның кандидатурасын 176 депутат қолдап, дауыс берді. Ал, 173 парламентарий қарсы болды.
Бұған дейін Ульф Кристерссон Швецияда консервативті лагерьдегі үш партиядан тұратын жаңа коалициялық үкімет құру ниеті барын мәлімдеген еді.