• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қаржы 18 Қазан, 2022

Қор нарығында доллар тұрақтанды

220 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасының мәліметінше, (KASE) доллардың орташа сараланған бағамы 472,88 теңгені (-0,02) құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,60 теңгеге (+0,06) дейін көтерілді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 65,75 теңгені (+0,19) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 461,24 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 474-478,5 теңге, еуро 463-469 теңге, ресей рублі 7,1-7,4 теңге аралығында сатылып жатыр.