• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Мамыр, 2014

Форум аясындағы жүздесулер

193 рет
көрсетілді

Астанада «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Ливанның «Әл-Мустакбаль» («Болашақтың қозғалысы») партиясы парламенттік тобының  жетекшісі, Ливанның бұрынғы премьер-министрі Фуад Синиорамен кездесуі өтті. Ф.Синиора бастаған Ливан делегация­сы елімізге осы күндері Қазақстанның елордасында өтіп жатқан VII Астана эко­но­микалық форумына қатысу сапарымен келіп отыр. Кездесу барысында тараптар Қа­зақ­стан-Ливан қарым-қатынастарының даму ди­намикасын сөз етіп, партияаралық үн­қатысуды жолға қою қажеттілігін атап өтті. «Біз үшін центристік идеяға жақын либералдық құндылықтарды ұстанатын «Әл-Мустакбаль» партиясымен байланыс­тар орнату өте маңызды. Біздің партия өткен жылғы жүргізілген ребрендингтен кейін центристік партияға айналды. Күні кеше ғана «Христиан-демократиялық одағы» өкілдерімен, Конрад Аденауэр атындағы қордың өкілдерімен кездестік. Біз Еуропа халықтық партиясымен, ҚКП, «Сэннури», «Единая Россия» және өзге де партиялармен тығыз жұмыс жасаудамыз. Ең басты міндетіміз – қоғамның сенімін қалыптастыру, ол біздің билеуші партия ретіндегі жауапкершілігіміз болып табылады», – деп атап өтті кездесуде Бауыржан Байбек. Өз кезегінде Ливаннан келген қонақтар партияның XV съезінде қабылданған «Нұр Отан» Доктринасының тарихи маңыз­ды­лығын атап өтті. «Сіздердің елдеріңізде Пре­зи­дент­теріңіздің саясаты арқасында бейбітшілік, тыныштық пен келісім орнаған. Ливан мен Қазақстанның көзқарасы ұқсас. Біз­дер­дің тәуелсіздік, отбасы, салт-дәстүр, ел­дің еркіндігі мен бірлігін сақтау се­кіл­ді ұқсас құндылықтарымыз көп. Бұ­ған дейін экономикалық және саяси ын­ты­мақ­тастықты орнаттық, енді өзге сала­ларда өзара қарым-қатынасты дамытуымыз керек», – деді кездесу барысында Фуад Синиора. Қазақстан мен Ливан халықаралық өмірде көптеген маңызды проблема бойынша ұқсас ұстанымдарды ұстанып, БҰҰ, ИЫҰ және өзге де халықаралық және аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара қарым-қатынас жасайды. 2012 жылы Ливан еліміздің БҰҰ Адам құқығы жөніндегі кеңесіне мүше бо­лу кандидатурасын, ЕХРО-2017-нің Астанада өткізілуін, ИЫҰ жанындағы азық-түлік қорын құруды қолдаған болатын. Сонымен қатар, кеше Бауыржан Байбек Еуропа Халықтық партиясының вице-президенті, Еуропа Парламентінің депутаты Марио Дэвидпен кездесті. Кездесу барысында центристік идеология­ны ұстанатын еуропалық партиялармен ынтымақтастықты, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының консервативтік, либерал-консервативтік идеологияны ұстанатын оңшыл саяси партиялар бірлестігі –Халықаралық демократиялық одақпен ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды.