• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 19 Қазан, 2022

Баянды байланыс

241 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы миссиясының өкілдерімен кездесті.

Орталық сайлау комиссия­сы­ның төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақ­стан Республикасы Пре­зи­ден­тінің кезектен тыс сайлауын бай­қау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Мис­сиясының Басшысы Уршула Гацекпен кездесіп, аталған ұйым­ның кезектен тыс сайлауды бақылау үшін 30 ұзақ мерзімді және 300 қысқа мерзімді байқау­шы­лардан тұратын делегацияны жіберу туралы шешім қа­был­дағаны үшін алғысын білдірді.

Н.Әбдіров миссия мүшелерін сайлау науқанының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерімен және ұзақтығымен, прези­дент­тікке кандидаттарды ұсыну қоры­тындылармен таныстырды, сондай-ақ қазіргі уақытта прези­денттікке кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталып жатқанын атап өтті. Ол сайлау үдерісіне қатысушыларды оқыту және мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету мәселесіне дәстүрлі түрде көп көңіл бөлінетінін айтты. Саяси партиялар, жастар, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері үшін семинарлар өткі­зіліп жатқанын жеткізді. Соны­мен қатар жастардың назарын сайлау үдерісінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында Орталық сайлау комиссиясы жанынан «Жас сайлау­шылар клубы» құрылғанын атап өтті. Сарапшы кеңестің құрамы жаңартылып, оның мақсаты сайлау жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылатынын жеткізді.

Кездесу барысында Нұрлан Әбдіров Миссия мүшелерін Орта­лық сайлау комиссиясының отырыс­тары мен оқыту іс-шара­ларына қатысуға шақырды, сон­дай-ақ Миссия өкілдерінің Орта­лық сайлау комиссиясының мүше­­лерімен және аппаратымен Мис­­сияны қызықтыратын кез кел­ген мәселелер бойынша кезде­су­лерін өткізуге дайын екенін білдірді.

Кездесу аясында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының мүшелері Орталық сайлау комиссиясының мүшелеріне өз сұрақтарын қойды.

«Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанын заңнамаға сәйкес қатаң жүргізуді қамта­ма­сыз етеді және адал және әділ бәсекелестік үшін барлық жағдай жасайды. Біз Бюро­мен, оның ішінде сайлау науқан­дары арасындағы тығыз ынтымақ­тас­тық пен сындарлы диалогті жалғастыруға үлкен мән бере­міз», деп Н.Әбдіров.