Қазақстанның алғашқы ракеткасы Елена Рыбакина Гвадалахарада өткен WTA 1000 ірі турнирінің екінші айналымына өтті, жүлде қоры 2,5 млн доллардан асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мексика кортына шыққан қазақстандық теннисші Чехиядан келген Каролина Плискованы 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңді.
Чех спортшысы әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтің үздік 20 теннисші қатарына кіреді.
Бұдан әрі Қазақстанның үздік теннисшісі осы «шеберлердің» бірі, әлемнің бесінші ракеткасы – америкалық Джессика Пегуламен кездеседі.