Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша, жыл басынан бері 496,9 мың отбасы мемлекеттік жәрдемақы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қыркүйек айында 462 мың көпбалалы отбасы 26,5 млрд теңгеге жәрдемақы алды.
Мұндай жәрдемақы табысына қарамастан, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттерге төленеді.
Бұл ретте төлемдер мөлшері балалар санына қарай сараланады. Биыл олар келесі мөлшерді құрайды:
4 балаға - 50 975 теңге; 5 балаға - 63 727 теңге; 6 балаға - 76 479 теңге; 7 балаға - 89 231 теңге; 8 балаға - 101 760 теңге; 9 балаға - 114 480 теңге; 10 балаға - 127 200 теңге; 11 балаға - 139 920 теңге; 12 балаға - 152 640 теңге; 13 балаға - 165 360 теңге; 14 балаға - 178 080 теңге; 15 балаға - 190 800 теңге; 16 балаға 203 520 теңге және одан да көп. Әр балаға 12 720 теңгеден.Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағыты шеңберінде көпбалалы отбасылар табыстарын есепке алмай, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақы алады.