• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Қазан, 2022

Ақтаулық Қасым мен Жомарт Президенттен хат алды

422 рет
көрсетілді

Ақтау қаласында тұратын егіздер Қасым мен Жомарт Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан хат алды. Ұлдардың әкесі бұл отбасы үшін тосын сый болғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

2009 жылы туған егіздердің есімдерін олардың әжесі таңдаған. Ал Қасым-Жомарт есімі 2019 жылдан кейін ғана танымал бола бастаған.

Әжесінің айтуынша, олар дүниеге келген кезде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның болашағы үшін маңызды лауазымдарды атқарған.

Қазір ұлдар мамандандырылған физика-математика лицейінің сегізінші сыныбында оқиды. Соңғы үш жылда сыныптастары мен достары егіздерді «президент» деп атады екен.

Жергілікті БАҚ ақпараты бойынша, Мемлекет басшысы егіздер туралы жақында ғана білгенін жазып, оларға елге адал қызмет ететін және үлкен биіктерге жететін азамат болуды тіледі.

«Еліміздің келешегі - жастар. Сол үшін алғыр, ақылды, зерек, білімді болып өсіңдер. Өйткені бұл - зор жауапкершілік. Бүгінгі жасөспірім - ертеңгі ел иесі. Сендер қаншалықты білімді, білікті болсаңдар, еліміздің келешегі соншалықыты кемел болады», делінген Президент хатында.​

Айта кетсек, Мемлекет басшысының есімін алған балақайлар болашақта дипломат болуды армандайтындары туралы айтылды.