• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қазан, 2022

Алматы облысында балық шаруашылығының көлемі артады

597 рет
көрсетілді

Алматы облысында балық шаруашылығы саласының әлеуеті зор, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматы облысындағы болашағы зор саланың бірі – балық шаруашылығы. Қазірдің өзінде өңірден мал етінен гөрі балық өнімдері көбірек экспортталады. Бұл саланың қуатын арттыру үшін балық шаруашылығының көлемін ұлғайту керек. Сондай-ақ өндірістік мақсатта шабақ өсіруді қолға алу қажет», деді Президент өңір жұртшылығымен кездесуінде.

Сондай-ақ балық инспекциясының қызметін де жандандыру керегін айтты.

«Бізде 2030 жылға дейін балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы бар. Онда Алматы облысынан шығатын балық өнімін 25 мың тоннаға жеткізу көзделген. Осы міндетті орындау үшін балық шаруашылығына берілетін мемлекеттік қолдаудың көлемін арттыру керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.