• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Мамыр, 2014

Наджиб Тун Разак: «Еуразиялық экономикалық одақ әлеуетін ескеру қажет»

252 рет
көрсетілді

АСТАНА. 23 мамыр. VII Астана экономикалық форумы мен II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференциясына қатысқан Малайзия үкіметінің басшысы Наджиб Тун Разак Азия мемлекеттерінің экономикалық интеграциясы Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа нарығымен тығыз байланыс орнатуы тиіс деп мәлімдеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Наджиб Тун Разактың айтуынша, халқы 170 млн.-нан  асатын  Қазақстан, Ресей және Белорусь елдерін  біріктірген Еуразиялық экономикалық одақ  ұсынған жаңа нарықтарды нығайту қажет. Сондай-ақ, Малайзия үкіметінің басшысы  Азия интеграциясында экономикалардың әлеуеті мен халықтың өмір сүру деңгейін арттыруда және түрлі бағыттар бойынша бірлескен жұмыста бірқатар үлкен мүмкіндіктер мен перспективалар бар екенін атап өтті. Бұдан бөлек, ол: «Тәуекелдерді басқаруды және корпоративтік басқаруды күшейтіп, институтционалдық реформаларды жүйелі жүргізу қажет», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: gerbangrost.com.