• RUB:
    5.4
  • USD:
    464.72
  • EUR:
    496.32
Басты сайтқа өту
Президент 19 Қазан, 2022

Президент: Қазақстан жаһандық диалогтың орталығына айналды

123 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Алматы облысының жұртшылығымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өткен аптада Астанада бірқатар ірі халықаралық іс-шара өтті. Қазақстан тағы да жаһандық диалогтың орталығына айналды. Бұл тікелей біздің дәйекті және теңгерімді сыртқы саясатымыздың нәтижесі.

Біздің еліміз бейбітшілік, ынтымақтастық және өзара сенім құндылықтарын дәйекті және тиімді ілгерілетуде. Сондықтан Қазақстан өзін озық әрі жауапты мемлекет ретінде көрсете отырып, жоғары халықаралық беделге ие болды. Стратегиялық бағытты ұстана отырып, біз алдағы уақытта да еліміз бен халқымыздың ұзақ мерзімді мүдделерін прагматикалық тұрғыдан басшылыққа алуымыз керек», деді Президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі ұстанымы әлемге белгілі болу керек екенін атап өтті.

«Қазіргі жаһандық әлемде белсенді сыртқы саясатсыз табысты даму мүмкін емес. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі ұстанымы әлемге белгілі болуы керек, біздің дауысымыз бүкіл халықаралық қауымдастыққа танылуы тиіс», деді Мемлекет басшысы.