• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Қазан, 2022

Кувейт қаласында топ жарған спортшылар елге оралады 

187 рет
көрсетілді

Жеңіл атлетикадан U18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы 4-ші Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы жылдың 13-16 қазан күндері шығыс орта елдерінің астанасы Кувейт қаласында 30 мемлекеттен 400-ге жуық жеңіл атлетшілер бақтарын сынаған еді. Дүбірлі Азия чемпионатына еліміздің барлық өңірінен 27 спортшы қатысты. Олардың арасында елордалық әпкелі сіңлі Колодалар да бар. Атап айтқанда, 400 м кедергілер арқылы жүгірген Анастасия Колода қарсылас шақ келтірмей, күмісті еншіледі. Ал, Екатерина Колода осы қашықтықта 4-ші орыннан көрінді. 

Жарыс қортындысы бойынша, Қазақстан құрамасы U18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында ел қоржынына 3 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль салып, жалпы командалық есепте бесінші орынмен аяқтады.