• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Мамыр, 2014

Нобель сыйлығы лауреаттарымен кездесті

281 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы VІІ Астана экономикалық форумына және Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияға қатысқан Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысымен кездесуге Вютрих Курт, Финн Кидланд, Джордж Фитцджеральд Смут III, Мухаммад Юнус, Святослав Тимашев, Писсаридес Кристофер, Арье Варшель қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев өз сұх­бат­тастарына VІІ Астана эконо­микалық форумына қосқан үлес­тері үшін алғыс айтып, бұл шараға Астаналық Нобель сыйлығы лауреаттары клубының құрылуы ерекше маңыз беретінін атап өтті. – Форумға сіздердің қа­ты­суларыңыз арқылы бүгінде әлемде аз болмай отырған эко­номикалық түйткілдердің сындарлы шешіміне нақты үлес қо­сылады. Сессияларда сөз сөй­леп, ұсыныстар әзірлеудің және Форумның қорытынды құ­жат­тарын дайындауға қатысудың маңызы зор, – деді Қазақстан Президенті. Әңгімелесу барысында әлем­дегі экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуға қатысты бір­қатар проблемалар, сондай-ақ жаһандану жағдайындағы Қа­зақ­станның даму мәселелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс салдарлары бұрынғысынша жа­һандық экономиканы қатты қыспаққа алып отырғанын, Еуро­падағы экономикалық проблемаларды шешудегі дүдәмалдық, дамушы елдердегі өсім қарқынының баяулауы соның нәтижесі екенін айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қазіргі замандағы әлемдік сын-қатерлер жағдайында Қазақстан қолға алып жатқан шаралар туралы әңгімеледі. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев еліміз 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ ұзақ мерзімді үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама қабылдағанын атап өтті. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан На­зар­баев Қазақстанның әлем­дік, соның ішінде баламалы энер­­гетикаға елеулі үлес қосып отыр­ғанын айтты. Бұған Аста­нада «Бо­­лашақтың энергиясы» тақы­рыбы­мен ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу де септігін тигізетін болады. Өз кезегінде Нобель сый­лы­ғының лауреаттары Қазақстанның ғылым мен инновацияның дамуына қосқан зор үлесін, сондай-ақ VІІ Астана экономикалық фо­румының жаһандық әлеуметтік-экономикалық мәселелерді тал­қылауға арналған әлемдік платформа болып отырғанын атап өтті.