Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi еңбек саласындағы тілге және өзге де кемсітушілікке жол бермеу туралы қаулыға қосымша енгізуге ұсыныс тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің кейбір мәселелері» ережеде: 15-тармақ мынадай мазмұндағы 197-1), 206-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«197- 1) тең мүмкіндіктер, төзімділік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету және әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және тілдік ерекшеліктері бойынша құқықтардың бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ әлеуметтік және еңбек қатынастарында этносаралық және кез келген басқа кемсітушіліктердің орын алуына жол бермеу; «206-1) өтініш берушілер көтерген жүйелік проблемаларды талдау және анықтау;» делінген Үкімет қаулысының жобасында.
Құжат 4 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.