• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
24 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 401

206 рет
көрсетілді

2014 жылғы 25 сәуір,  Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1589 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1589 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында: «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде: 001 «Бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, монополиялық қызметті шектеу және жосықсыз бәсекеге жол бермеу жөніндегі қызметтер» деген бюджеттік бағдарламада: тиімділік көрсеткіштерінде: «2014 жыл» деген бағанда: «Бір қызметкерге шығындар» деген жолдағы «4206» деген сандар «4105» деген сандармен ауыстырылсын; «Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолдағы «849675» деген сандар «807029» деген сандармен ауыстырылсын; «Бюджеттік шығыстардың жиыны» деген кіші бөлімде: «2014 жыл» деген бағанда: «Бюджеттік шығыстардың БАРЛЫҒЫ:» деген жолдағы «867925» деген сандар «825279» деген сандармен ауыстырылсын; «ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолдағы «867925» деген сандар «825279» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.