• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Республика күні 22 Қазан, 2022

Президент Республика күнінің басты құндылығын атады

791 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Республика күні елімізде біраз жыл өз деңгейінде атап өтілмегені жайлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ұлы Абай айтқандай, «ақырын жүріп, анық баса» отырып, ешқандай дүрбелеңсіз тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ең бастысы – біз бабалар аңсаған азат елге айналдық. Әлем мойындаған, құрмет тұтқан мемлекет атандық. Мұның барлығы – бүкіл халқымыздың ортақ еңбегінің жемісі. Республика күнінің басты құндылығы – осында», деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев әділеттілік туралы айта отырып, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің егемендікке жетуіне қосқан елеулі үлесі барын атап өтті.

«Түптеп келгенде, тәуелсіздікке қалай қол жеткізіп, баянды ете алғанымыз маңызды. Өкінішке қарай, бұл күн елімізде біраз жыл өз деңгейінде атап өтілген жоқ. Бірақ, тарихи әділдік орнады», деді ол.