• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Қазан, 2022

Азаматтардың мемлекетшілдік сана-сезімін арттыруға көңіл бөлінеді

276 рет
көрсетілді

Мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған іс-шара кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев осындай бастама көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бабаларымыз бостандыққа қол жеткізу үшін күресті. Біздің буын егемен елдің негізін қалап, тұғырын бекіту үшін қызмет етіп жүр. Ал, ендігі ұрпақ қастерлі тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау үшін еңбек етуге тиіс. Бір сөзбен айтсақ, біз бұған дейін мемлекеттілігімізді нығайтуға баса мән бердік.

Енді азаматтардың мемлекетшілдік сана-сезімін арттыруға да жете көңіл бөлуіміз керек. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Тұлпар мініп ту алған» жалпыұлттық эстафетасы өткенін білесіздер. Астанадан Түркістанға дейін жалғасқан «Ұлы Дала жорығы» атты аламан бәйгеге бүкіл ел көз тікті», деді Президент.

Бұдан бөлек, ол жақында Amanat партиясының «Жастар рухы» қанатының бастамасымен «Менің елім – менің туым» атты акция басталғанын сөз етті.

«Мұның бәрі – елдік рух пен ұлттық ұстанымды ұрпақтың санасына сіңіруге арналған маңызды жобалар. Біз жастарды отаншылдыққа баулитын осындай ұтымды әдіс-тәсілдерді іздеуіміз керек. Елімізде мұндай мысалдар көп. Бұл саладағы ең озық тәжірибені халық арасында кеңінен дәріптеуіміз керек. Ұлттық мерекеміз – Республика күні өнегелі бастамалар арқылы жалпыхалықтық мейрамға айналады деп сенемін», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.