Ақмола облысындағы Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы шипажайлардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алмаз шипажайындағы ағаш ғимаратта қазандықтағы өрттің тұтануы салдарынан өрт шықты. Локализация жүргізілуде, орман мен бас ғимараттың өртеніп кету қаупі жоқ. Болжалды өрт аумағы 700 м². Құрбан болғандармен мен зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады Бурабай аудандық әкімдігі.