Оқиға 22 қазан күні сағат 17:30 шамасында «Keruen City» ОСО-ның екінші қабатында болған, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«17 жастағы жасөспірім 19 жастағы жігіттің мойнына екі рет пышақ сұғып алған. Жәбірленуші Жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды», деп жазылған хабарламада.
Осы факті бойынша ҚК-нің 24-99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.