• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қазан, 2022

Қоқыстан сәбидің денесі табылды

267 рет
көрсетілді

Бадамша ауылы маңы «Рождество - Дөң» тас жолының бойындағы қоқыс полигонынан сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ ресми парақшасына сілтеме жасап.

23 қазан күні Қарғалы ауданы полициясының кезекші бөліміне қоқыс полигонында қара полиэтилен пакетке салынған шақалақтың денесі жатқаны хабарланған.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Анасын іздеу жұмыстары басталды. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы «Жаңа туған нәрестені анасының өлтіруі» бабы бойынша қаралады.