• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 24 Қазан, 2022

Құқықтық сауаттылық маңызды

352 рет
көрсетілді

Тұран университетінде «Сайлау үдерісінің заманауи шындықтары және Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, студенттер, магистранттар, докторанттар және профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өтті.

Кездесу барысында профессор, «Адал сайлау үшін» штабының мүшесі Ермек Әбді­расұлов сайлау үдерісі мен құқықтың өзекті мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Штаб мүшесі, Қазақстан заңгерлер одағы Астана филиалы­ның төрағасы Серік Беркамалов заңда көзделген азаматтардың сай­лау бостандығын қамтамасыз ету кепілдіктері туралы айтып берді.

Президенттікке кандидаттар­дың және олардың сенім білді­ріл­ген адамдарының үгіт-насихат жүр­гізу ережелері, канди­дат­тар­дың БАҚ-тағы жария­­ла­нымдар мен эфирлерге тең қол­же­­тімділігін қамтамасыз ету тәсілдері аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды. Жиынға қатысушылар сайлау заңнамасын уақтылы түсін­дірудің маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс­тарын білдірді.

Естеріңізге салсақ, 27 қыр­күйекте еліміздің заңгерлер қауым­дастығын шоғырландыру мақсатында Қазақстан заңгерлер одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің алаңында «Адал сайлау үшін» штабы құрылған бола­тын. Мақсаты – сайлау заң­на­ма­сының негізгі ережелерін түсіндіру, сайлау үдерісіне қаты­су­шыларға құқықтық көмек көрсету, азаматтық қоғам, ха­лықаралық ұйымдар өкіл­дерімен өзара іс-қимыл жасау.