• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Қазан, 2022

Мәулен Әшімбаев: Әр шаңыраққа бақ-береке, елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін!

310 рет
көрсетілді

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Құрметті достар!Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік егемендік туралы декларация – дербестігімізді айғақтаған және тәуелсіздігіміздің құқықтық негізін қалаған аса маңызды құжат. Елдік пен еркіндік жолында тарихи шешім қабылданған күнді ұлттық мерекеге айналдыру – отаншылдық рухымызды асқақтатар ұтымды қадам. Алдағы уақытта бұл күннің қадір-қасиеті одан әрі артып, азаттығымызды айшықтайтын нағыз жалпыхалықтық мереке боларына ешқандай күмәніміз жоқ.

Бүгін айтулы күнге орай еліміздің барлық өңірінде көк туымызды көтеруге арналған салтанатты рәсім өтті. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, бұл – ұрпақ санасында отансүйгіштік қасиетті, елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекемдей түсетін маңызды шара. Әрдайым осылай көк байрағымыз көгімізде желбіреп, егемендігіміз нығая берсін!

Баршаңызды құттықтай отырып, әр шаңыраққа бақ-береке, елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін! Еңселі елдіктің мәні мен маңызын арттыра түсетін ұлттық мерекеміз құтты болсын!», деп жазды Мәулен Әшімбаев Facebook парақшасында.