• RUB:
    5.35
  • USD:
    467.29
  • EUR:
    501.03
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Қазан, 2022

Армения Премьер-Министрі Қазақстанға құттықтау хат жолдады

262 рет
көрсетілді

Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау хат жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Армения Премьер-Министрі Президентке алдағы еңбегіне табыс, зор денсаулық, ал Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

«Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері айтарлықтай жетістіктерге жетіп, экономикасы серпінді дамып келе жатқан ел ретінде халықаралық аренада лайықты орны бар мемлекет.

Екіжақты және көпжақты, оның ішінде перспективалы жобаларды іске асыруға бағытталған өзара тиімді ынтымақтастықты құру жөніндегі бірлескен күш-жігер біздің елдеріміздің мүддесіне толықтай қызмет ететініне сенім білдіремін», делінген Никол Пашинянның құттықтауында.