Республика күніне орай Астана қаласында мерекелік отшашу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отшашу сағат 21:00-де қаланың екі ауданында ұйымдастырылды. Біріншісі Атырау көпірі маңында өтсе, екіншісі Ботаникалық саябақ аумағында болды. Отшашудың ұзақтығы 10 минутқа созылды.
Айта кетсек, отшашу демеушілік қаражатынан ұйымдастырылды.
Бүгінгі айтулы мерекеге орай Астана тұрғындары мен қонақтары үшін 200-ден аса түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді.