IBF, WBA Super және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Барлық қазақстандықты мерекемен құттықтаймын! Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, бейбітшілігіміз мәңгі жасасын! Республика күні құтты болсын!», деп жазды Геннадий Головкин өзінің Instagram парақшасында.